ҚР-да «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық конференциясына дайындық аяқталып келеді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада осы жылы 31 мамырда өтетін «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық конференциясына дайындық және оны өткізу бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Қазіргі кездегі ең қауіпті сын-қатерлердің бірі ретінде лаңкестікке қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылауға парламентшілер, дін қайраткерлері, халықаралық ұйымдар басшылары мен дипломаттар, отандық және шетелдік сарапшылар қатысады. Форум жұмысына әлемнің 41 елінен 63 делегация қатысады деп күтілуде, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Мәжілісте сондай-ақ 1 маусымға белгіленген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшлығының отырысына дайындық барысы қаралды.

Күн тәртібі бойынша Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов хабарламалар жасады.

null null

Соңғы жаңалықтар