13.03.2023 11:57 Цифрлық даму министрлігіне активтер мен майнинг саласын реттеу құзыреті берілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне цифрлық активтер мен майнингті реттеу үшін қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.03.2023 08:33 Қазақстандықтар видеоны YouTube-тан жарнамасыз көретін болады – Бағдат Мусин АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.
09.03.2023 19:11 Қазақстанның тәжірибесі цифрландыру деңгейі төмен елдерге таратылуы мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Бас хатшының технология мәселелері жөніндегі өкілі Амандип Сингх Гиллмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.03.2023 12:00 3,5 мыңнан астам мектепте Интернет жылдамдығын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ АСТАНА. ҚазАқпарат – 3,5 мыңнан астам мектепте Интернет жылдамдығын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.03.2023 18:06 ХҚКО-да жаңа терминал: құжаттарды жылдам әрі өз бетінше алуға болады АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттандыру терминалы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.03.2023 07:52 Жер қойнауын пайдаланушыларды мониторингілеуге арналған платформа әзірленді АСТАНА. ҚазАқпарат – Жер қойнауын пайдаланушыларды мониторингілеуге арналған платформа әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01.03.2023 14:07 Әскери билетті онлайн алуға болады АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 наурызынан бастап қазақстандықтар толып жатқан анықтамалар мен құжаттарды ұсынбай, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақщасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.02.2023 16:22 Байланыс жоқ: Алматы облысында өрттен балалар қаза тапты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылында үйден шыққан өрттен 40 жастағы ер адам мен оның екі кішкентай баласы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.02.2023 20:34 Астанада робототехникадан Central Asia FIRST халықаралық чемпионаты өтіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада оқушылар арасында робототехника бойынша Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.02.2023 18:09 Бағдат Мусин: Қала мен ауыл баласының білім айырмашылығы – 15% АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде басталған «Білім ALL» жобасы ауыл мен қала баласының білімін теңестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін барлық елді мекенді интернетпен қамту қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.02.2023 16:20 Бағдат Мусин «фельдшер сөмкесі» жобасына қолдау көрсетуге уәде етті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин денсаулық сақтау саласының «фельдшер сөмкесі» жобасына қолдау көрсетуге уәде етті. Бұл – шағын емхана қызметін атқара алатын кешен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.02.2023 11:15 Қазақстанның ғылым саласына жас кадрлар қажет – Саясат Нұрбек АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның ғылым саласында жас кадрларды көбейту қажет. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 13:18 Ай сайын 2,5 млн адам eGov мобильді қосымшасын белсенді пайдаланады – министр АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы eGov мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 11:06 Биыл Алматы қаласының цифрлық егізі құрылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Осы жылдың күзінде Алматы қаласының «цифрлық егізін» құру жоспарда. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 10:31 Алматыда үздік IT мамандарын жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз - Бағдат Мусин АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Сондықтан қалада үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құру керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 22:30 Қазақстан Каспий арқылы Қытай мен Еуропаның арасында деректер тасымалдайтын дәліз жасайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының аясында Каспий арқылы Қытай мен Еуропа арасында деректер тасымалдайтын «дәліз» төсемекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 21:46 Тұрғындар саны 50-ге жетпейтін 448 ауыл бар АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұрғындарының саны 50-ден аз қалған 448 ауыл бар. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған «Қолжетімді инетернет» ұлттық жобасының мәтінінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 21:05 Алдағы 5 жылда интернет сапасын жақсартуға 1,1 млрд теңге бөлінбек АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ашық НҚА» порталында ауылдарды «Қолжетімді» интернет ұлттық жобасы қоғам талқылауына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 15:41 Қазақстанда 5 минут ішінде көрсетілетін мемқызметтер үлесі 90%-ға жеткізілмек АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Цифрлық трансформация, IT-саланы дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасының 2023-2029 жылдарға арналған жобасы қаралды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
29.01.2023 14:10 Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аоэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.