ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», - делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы өзгергенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Асқар Жұмағалиев ведомствоны 2018 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар