USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды

2022 жылғы 14 қаңтар 09:10
Бөлісіңіз:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
Дания Еспаева тауарларды таңбалаудан болатын кейбір проблеманы атады Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж. Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT