+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

2019 жылғы 30 желтоқсан 10:53
Бөлісіңіз:
ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген.

2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.

2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін — М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының директоры.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT