ҚР Білім министрі жемқорлықпен күресетін басқарма құрылатындығын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне қарасты ведомствода жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, де хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министр ретінде өз жұмысымның басынан бастап осы бағытта нақты іс-әрекеттерді істеудеміз. Тек негізгілеріне қысқаша тоқталып өтсем деймін. Біріншіден, ашықтық. Министрлік ашық форматта жұмыс істейді. Мысалы, ҚР БҒМ арнайы Call-орталығы іске қосылды. Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша білім басқармаларының жанында Call-орталықтар ашылды. Келесі аптадан бастап БҒМ фронт-кеңсесі өз жұмысын бастайды. Білім және ғылым вице-министрлерінің Facebook-тегі аккаунттары қолжетімді, сондай-ақ өңірлердегі білім басқармаларының барлық басшыларының де Facebook-те аккаунттары ашылды. Жақын арада осы Call-орталықтар жауаптардың сапасын бақылау және азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істеу үшін БҒМ-ден бірыңғай электрондық жүйемен біріктірілетін болады», - деп жазады министр Facebook парақшасында.

Министрдің хабарлауынша, екіншіден, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, тәуекелдерді талдау мақсатында ADAL BILIM жобалық кеңсесі өз жұмысын бастаған. Жобалық кеңседе БАҚ өкілдерімен, жұртшылықпен және белсенділермен бірлескен жұмыс жүргізіледі. Бұл жоба БҒМ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлескен меморандумының нәтижесінде іске қосылған.

«Министрліктің өзінде қайта ұйымдастыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Функционалдық талдау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша БҒМ аппаратының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Ішкі бизнес-үдерістер оңтайландырылып, қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізіледі. Бұл мәселе бойынша жақын арада хабарлаймын. БҒМ жанынан арнайы «Парасаттылық басқармасын» құрамыз. Сонымен қатар, біз бірігу және қайта құру арқылы министрліктің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыруды шештік. Бұл тек бюджет қаражатын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар тиімділікті де арттырады», - дейді ол.

Асхат Аймағамбетов, биыл магистратураға түсудің жаңа жүйесі енгізілгенін еске салды. Магистратураға түсу емтихандарын өткізу процедурасы биыл алғаш рет СМГ, Агенттік және жұртшылықты тарту арқылы жүзеге асырылған. Сонымен қатар, ҰБТ-ны электронды форматта өткізуге кезең-кезеңмен көшу бойынша шешім қабылданған. Барлық ғылыми жұмыстар үшін антиплагиатты енгізу және бұрын болмаған шетелдік ҒЗЖ деректер базасы бойынша қорғауға шыққан диссертацияларды қосымша тексеру жүргізілмек.

Сондай-ақ, министр өз сөзінде ҒЗИ басшылары жыл сайын өз қызметі туралы есептерді жариялайтынын атап өтті.





Соңғы жаңалықтар