+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

2019 жылғы 15 сәуір 10:50
Бөлісіңіз:
ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылыми министрінің бұйрығымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Т. Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Экономика және юриспруденция салаларындағы маман біліктілігіне, сондай-ақ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіні бойынша PhD докторы дәрежесіне ие. Мемлекеттік басқару және білім беру жүйесін дамыту саласында 2 оқу құралы мен 19 ғылыми мақаланың тең авторы.

2006-2012 жылдары Индиана университететінде (АҚШ), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк Университетінің Сэндфорд мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Кореядағы Мемлекеттік аудит институтында мемлекетік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларынан өткен.

Еңбек жолын 2000 жылы сот жүйесі органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі басқарушылық қызметтер атқарған. 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысындағы Балалар құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2016 жылы шілдеде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылдың наурызынан осы жылдың қыркүйегіне дейін әлеуметтік демалысы кезінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды.

2018 жылғы 14 қыркүйектен бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметінде болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT