ҚР БҒМ басшысы жарты жылда азаматтарды қабылдауды өткізбеді - Жемқорлыққа қарсы кеңес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жарты жылда азаматтарды қабылдау шарасын өткізбеді. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің селекторлық отырысында Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова осылай айтты.

«2014 жылы министр 12 айдың ішінде 6 айында азаматтарды қабылдауды өткізген жоқ. Сонымен бірге біз де оның қабылдауына өте алмадық»,-деді ол.

Кеңес мүшесінің сөзіне қарағанда, 2014 жылы министрлікке 504 өтінім келіп түскен және оның басым бөлігі жауапсыз қалған.

Соңғы жаңалықтар