ҚР БҒМ басшысы Қазақстандағы бірқатар ЖОО-лардың жаңа ректорларын тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бірқатар мемлекеттік жоғары оқу орындарының жаңа ректорларын тағайындады.

Осылайша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдумүтәліп Әбжаппаров болып тағайындалса, Атыраудағы мұнай және газ институтын Әли Әбішев басқарды. Ал Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры қызметіне Нұрлан Серғалиев келді.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректорлығына бос қызмет орны байқауы өткізілмеген болып танылғаны аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар