ҚР БҒМ алғаш рет математикалық олимпиаданы онлайнда көрсетеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе қаласында 15-20 наурыз аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Білім сайысының ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет олимпиада онлайн-режимде көрсетіледі (edu.mail.kz ). Яғни, кез келген адам олимпиаданы виртуал түрде қадағалап, қазылар алқасының жауаптарды тексеру кезіндегі жұмысын назарда ұстай алады. Олимпиада Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» ұйымдастырылады», делінген хабарламада.

Білім сайысының мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиадаға 832 оқушы қатысады. Оның ішінде құрама командадағы 83 бала - халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері.

Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан 19 команда қатысады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталады.

Еске сала кетсек, осы порталда мектеп оқушыларының ғылыми жобаларды қорғау байқауы тікелей эфирде көрсетілген болатын.


Соңғы жаңалықтар