ҚР БҒМ: 9 маусым күні ҰБТ тапсыру қорытындылары бойынша 59 түлек 100 балдан көп жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ-нің алдын ала мәліметтері бойынша, 9 маусым күні ҰБТ тапсыру қорытындылары бойынша 59 түлек 100 балдан көп жинады.

ҰБТ бір пункте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 281 адамның ішінде 255 түлек қатысқан (қазақ тілінде - 204, орыс тілінде - 51).

Тыйым салынған 184 зат алынды. Орташа балл 88,5 болды. 12 түлек (4,7 пайыз) 50 балл жинай алмады. 125 балл ешкім жинаған жоқ. 59 түлек (23 пайыз) 100 балдан көп жинады.

Тестілеу қорытындылары ҰБТ тапсыру орындарындағы стендтерге ілумен бірге ҰТО-ның сайтында (www.testcenter.kz)  да жарияланады.

Соңғы жаңалықтар