ҚР бастамасымен ЕАЭО титан өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетілді

None
None
МИНСК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық комиссиясының алқасы 9 шілде күні ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және ванадий-алюминий лигатурасына салынатын Бірыңғай кедендік тарифке өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта ванадий-алюминий лигатурасына салынатын кедендік баж мөлшерлемесі нөлге теңестірілетін болды.

Қазіргі кезде мөлшерлеме 10%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағында титан өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетуге бағытталған бастамасы қаралған соң осындай шешім қабылданды.

Ванадий-алюминий лигатурасы өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылатын және медициналық өнімдерді әзірлеуге қажетті титан қорытпаларын өндіруге пайдаланылады.

Соңғы жаңалықтар