ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «ҚазАқпарат» ХАА тиісті Жарлық мәтінін оқырман назарына ұсынады.

***

С.М. Жұманғаринды Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы
болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 қыркүйек

№ 410


***

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Президентке тікелей қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырды.

Кейіннен Қазақстанда жаңадан екі агенттік құрылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Ал 2019 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар