ҚР Бас санитарлық дәрігері: Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысында тапсырма берді.

«Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», - деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.

Еске сала кетсек, аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режім талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар