ҚР Бас прокуроры РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

None
None
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мен РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников кездесті.

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Кездесу барысында еліміздің Бас прокуроры ресейлік дипломатты азаматтардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету барысындағы құқықтық құрал ретіндегі Қазақстанның құқық қорғау органдары жүйесіндегі прокуратураның рөлі жайында хабардар еткен.

«Өткен жылдың аяғында Ресей Федерациясы тарапынан ТМД-ның 1998 жылы наурыздың 6-ындағы Бас бостандығынан айырылғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы Конвенциясын бекітуі нәтижесінде, қазіргі уақытта екі мемлекет сотталғандарды елдеріне қайтару жөніндегі өтініштерін ойдағыдай қарау мүмкіндігіне ие болғаны атап өтілді», делінген баспасөз баянында.

Қазіргі уақытта еліміздің төрт азаматына қатысты ресейлік үкімдерді орындау жөніндегі Бас прокурордың ұсыныстарын қазақстандық соттар қанағаттандырған.

Тараптар екі елдің құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету саласындағы іс-қимылдарының тиімділігі жөнінде ықыласпен атап өтті.

Кездесу нәтижесінде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты онан әрі нығайту жөнінде келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар