ҚР Бас прокуратурасы сайлау науқанына байланысты Үндеу жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов биылғы жылдың 9-шы маусымына тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты Үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үндеудің мәтінін бүгін Бас прокуратураның баспасөз қызметі жариялады.

ҮНДЕУ

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 31-бабы тәртібінде

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу жөнінде шақырулар таратылуда.

Бас прокуратура ондай акцияларды өткізген жағдайда оған қатысқандардың әрекеттері бейбiт жиналыстар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу ретінде сараланатынын ескертеді.

Құқық қорғау органдары құқық бұзушыларға ден қойып, оларға тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.

Осындай акцияларға қатысуға шақырғаны, оларды ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайды.

Егерде бұл әрекеттер елеулі зардап келтіретін болса, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады.

«Бас прокуратура, еліміздің жоғарғы қадағалау органы ретінде, азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатуға ермеуге және заңсыз акцияларға қатысудан тартынуға шақырады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар