ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас прокуратурасы ұсынған мәліметке сүйенсек, Сағиев Е.Ә. еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.

Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.


Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар