+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

ҚР Бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға түсінік берді

2019 жылғы 18 қыркүйек 11:53
Бөлісіңіз:
ҚР Бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айыптау үкімі шыққан жағдайда, Қазақстан тарапы оның жазасын еліміз аумағында өтеуі бойынша сауал жолдайды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс өтті

«Бүгінде ол үкімге шағым түсіру кезеңінде. Атап айтқанда, Қытаймен арада бізде сотталғандарды беру туралы екіжақты келісім бар. Енді қытайлық сот төрелігінің соңғы кесімін күтеміз. Егер де ақтау үкімі шықса, онда өте жақсы болар еді», - деді М. Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

ҚР Бас прокуроры орынбасарының сөзіне қарағанда, егер А. Тұрлыбай сотты болса, онда ол тиісті өтініш жасауға құқылы. Осының негізінде ҚР Бас прокуратурасы оның жазасын өтеу мерзімін Қазақстан аумағында жалғастыруға байланысты құжатты жолдайтын болады.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын.

Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT