ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

None
None
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Сәуірдің 8-9-ы күндері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде (АШМ) министр Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен «Кедендік одақ елдері агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ғылыми қамтамасыз ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция мақсаты - үш елдің өзара тиімді байланыстарын нығайту және АӨК ғылыми күш-қуатын дамыту, одаққа мүше елдер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Конференцияға Ресей Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, Беларус Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қызметкерлерімен бірлесіп, «ҚазАгроИнновация» АҚ өкілдері, сондай-ақ ҚР АШМ қызметкерлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар