+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мақташылармен кездесті

2019 жылғы 3 қараша 21:04
Бөлісіңіз:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мақташылармен кездесті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мақтаарал ауданына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрмен бірге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еріп жүрді.

Ең алдымен олар Мақтаарал ауылдық округі, «Ақ алтын» елді мекеніндегі «АШМ сервис-орталығы» өндірістік кооперативінің мақта терімі науқанымен танысты. Онда биылғы жылы 70 га жерге М-4011 мақта сорттық тұқымын егіп, 25,0 ц/га түсімділікпен өнім алуда. Бүгінгі таңда 43 адамды жұмыспен қамтып отырған өндірістік кооперативі 58 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған.


Жалпы биылғы жылы облыста 131 мың га мақта егеліп, 340 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарлануда. Оның 320 мың тоннасы жиналды.

Мақта шаруашылығындағы негізгі мәселе – «ақ алтынның» бағасы. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданындағы зауыттар мақтаның тоннасына 100 мың теңгеден аванс беріп жатыр. Алайда әлі күнге дейін нақты баға бекітпеген. Министр мен облыс әкімі дәл осы мәселені шешу үшін Атакент кентіндегі «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-інде ауданның мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу жиынын өткізді.


Жиын барысында облыс экономикасының ең маңызды саласының бірі – мақта шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланып, облыс әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне тиісті ұсыныстар енгізілді.

Бұл ретте, Сапархан Омаров айтылған ұсыныстарды қолдайтындығын, алдағы уақытта Үкімет деңгейінде көтеріп, оң шешімі табылатындығын айтты. Өз кезегінде, Өмірзақ Шөкеев шитті мақта бағасы алдағы күнде тұрақтайтындығы, шаруалардың сұраныстары бойынша тиімді баға бекітілетінін жеткізді.


Ал, зауыт басшылары мақта бағасын бекіту үшін 3 күн мерзім сұрады.

Сапар соңында министр Сайрам ауданында орналасқан «Dala-fruit.kz» ЖШС-не интенсивті алма бауына және «Нұрым Групп» ЖШС 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмыстарымен танысты.


Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT