ҚР аумағында қандай елдердің вакцинация паспорты жарамды: Тізім жаңартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатта Қазақстан аумағында вакцинация паспорты жарамды 20 мемлекеттің тізімі берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қолы қойылған құжат Бас санитар дәрігердің осыған дейінгі №48 қаулысына қосымша ретінде берілген.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгісі бойынша Аргентинада, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғызстанда, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Арменияда, Беларусьта, Молдовада, Перуде, Сан-Маринода, Сербияда, Тунисте, Үндістанда, Филиппинде, Таиландта, Түркияда және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған құжатта.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар