ҚР аумағына заңсыз кірмек болған Пәкістан азаматы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында Душанбеден ұшып келген Пәкістан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

« 2021 жылғы 21 қарашада шекарашылар Алматы халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасына кіруге негізі жоқ Душанбеден ұшып келген Пәкістан Ислам Республикасының азаматын ұстады» делінген хабарламада.

Құжаттарын тексеру және ҚР-ға келу мақсатын анықтау барысында ол Польша Республикасының ID-картасын (Польша Республикасының аумағындағы шетелдіктер үшін тұруға ықтиярхат аналогы) және Алматы-Нұр-Сұлтан-Франкфурт бағыты бойынша авиабилеттерін ұсынды.

Сараптама жүргізу кезінде ұсынылған ID-картаның белгіленген үлгіге сәйкес келмейтіні және жалған екендігі анықталды.

Бұл азаматқа Қазақсиан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынып, елден шығарылды.


Соңғы жаңалықтар