ҚР Әскери сотында «Қорғас ісі» бойынша апелляциялық шағым қаралуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ауданаралық әскери сотында бүгін «Қорғас ісі» бойынша сотталушылар мен қорғаушылардың түсірген апелляциялық шағымын қарау басталды.

Сот отырысы сотталғандардың қатысуынсыз өтуде. Бұл туралы ҚР Әскери сотының баспасөз хатшысы Амангелді Жұлқайнаров мәлім етті.

Апелляциялық шағымды ҚР Әскери сотының судьясы А.М. Нұрбеков қарауда.

Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең ірі іс бойынша үкім 12 сәуірде шығарылған еді.

«Қорғас ісі» бойынша 45 адам сотты болған. Олардың 42-сі қамауға алынды. Айыпталушылардың көбі - кеден қызметінің аймақтық органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғары лауазымды шенеуніктері.

Істің басты айыпталушыларын - «ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері» Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаевты қылмыстық топты ұйымдастырғаны және жетекшілік еткені, экономикалық контрабанда, қаражатты заңдастырғаны, қылмысқа дайындық жасап, әзірленгені, пара бергендері үшін айыпты деп тапты. Олар - істің басты айыпталушылары, әрі «ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері» болып аталды. Талғат Қайырбаев бас бостандығынан 16 жылға, ал Бақыт Отарбаев 13 жылға айырылды.

Соттың айыптауы бойынша, «Қорғас» кеден бекетіндегі алаяқтық әрекеттерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары лауазымды тұлғалары жасырып келген. Олардың арасында полковник Талғат Жақаев, подполковник Ирлан Әбдірахманов және Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаменті басшысының орынбасары, полковник Бақытбек Құрманәлиев бар.

Жақаев пен Әбдірахмановтың екеуі де 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Құрманәлиев 16 жылға сотталды. Алматы облысы бойынша Кедендік комитет департаментінің бұрынғы басшысы, полковник Құрманбек Артықбаев 14 жылға сотталды. Олардың бәрі әскери атақтарынан айырылды. Бұған қоса сот Қазақстан Президентіне оларды мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы ұсыныс жасады.

«Қорғас» кеден бекетінің бұрынғы басшысы, кеден қызметінің подполковнигі Бақытжан бес жарым жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Ал Айдаровқа елден кетпеу жайлы алдын кесу шарасы қолданылған. Алайда ол тұтқындауға өзгертілді. Оның қолына кісен сот залында салынды. «Қалжат» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Миндулла Үмбетқалиев 9 жылға сотталды. «Алатау-ЦТО» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Михаил Войтович 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар