ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша шеттету себептері әлі белгісіз.

Ислам Әбішев 1956 жылдың 12 мамырында Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Шыназ ауданындағы Құтша ауылында туған. 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар