ҚР АШМ Орман шаруашылығы комитетіне жаңа төраға тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қайыр Рыскелдинов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Қайыр Өмірсадықұлы 1968 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын, 2008 жылы - «Фемида» заң академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - мал дәрігері, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған.

1986-1999 жылдары «Энергия» ұжымшарының қызметкері, бас мал дәрігері, республикалық ветеринариялық зертхананың жетекші маманы болып жұмыс істеді, сондай-ақ, Алматы облысы Ішкі істер басқармасында қызмет етті.

1999-2004 жылдары «Орталық ветеринариялық зертхана» РМК-де басшылық қызметтер атқарып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасын басқарған.

2004-2007 жылдары - Ақмола облысының Егіндікөл және Шортанды аудандары әкімінің орынбасары.

2012 жылдың шілде айынан бастап қазіргі таңға дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі лауазымын атқарған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Соңғы жаңалықтар