ҚР АШМ мемлекеттік қорға эксклюзивті сыйлық жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі -өздеріне сыйға тартылған эксклюзивтік антивирустық бағдарламаны арнайы мемлекеттік қорға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың 20 жылдығына орай антивирустық бағдарламалардың басты әзірлеушілерінің бірі «Касперский зертханасы» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін төмендету бойынша флагмандық өнімнің арнайы нұсқасын сыйлады. 

Аталған сыйлық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына сәйкес арнайы мемлекеттік қорға тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Министрлік 2015 жылы мемлекеттік органдардың арасында алғашқы болып ҚХР делегациясымен ресми кездесу кезінде басшылыққа сыйлаған ұялы телефонды мемлекеттік қорға тапсырған.

Кейіннен мобильді құрылғылар саудаға шығарылды.

Соңғы жаңалықтар