+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

ҚР АШМ мекемесінің бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді

2019 жылғы 15 қазан 17:20
Бөлісіңіз:
ҚР АШМ мекемесінің бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында орман шаруашылығы саласының лауазымды тұлғалары ұсталды Қостанай облысында қаржы жымқырған мәдениет үйінің басшысы мен есепшісі сотталды Бірқатар ҚАЖ қызметкерлерінің үстінен жемқорлыққа қатысты іс қозғалды

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР АШМ «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ бөлім басшысына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол жалпы сомасы 2 296 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алу бойынша «Өсімдіктерді бүрку» тауарларды қабылдау актісін кедергісіз қабылдап, қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT