ҚР АШМ құс тұмауына қарсы атқарылған шаралар туралы мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков құс тұмауына қарсы алдын алу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда 37 миллионға тарта құс бар, оның ішінде 4,5 миллионы жеке үй-жайларда, яғни еркін бағылады. Ал қалғанын түгелдей жабық құс фабрикаларында асырауда. Ал енді аталған үй құстарына тоқталатын болсақ, жыл сайын осы 4,5 миллион құсқа екпе жұмыстарын жүргізуге 500 млн. теңге бөлінеді. Яғни тиісті алдын алу шаралары уақытында жүргізіліп жатыр деп айта аламыз»,-деді вице-министр.

Сонымен қатар ол Қазақстан аумағында шошқаның африкалық обасының таралуы фактісі ешқашан да тіркелмегенін жеткізді.

Белгілі болғандай, егер де өткен жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жануарлар індетінің 36 ошағы тіркелсе, ағымдағы жылы 23 ошағы анықталды, яғни 36 пайызға төмендеу байқалды.

«2017 жылдың ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларына сәйкес, 17 аса қауіпті ауруларға қарсы 150 млн. екпе жасау жоспарланған.

Оның ішінде жыл басынан қазіргі кезеңге дейін 60 млн. екпе жасау қарастырылған»,-деді вице-министр.

Мұнымен қоса, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қатысты 70 млн. диангностикалық тексеру жүргізу жоспарға енгізілді.

Соңғы жаңалықтар