+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

ҚР АШМ браконьерлермен қақтығыста қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты

2019 жылғы 15 қаңтар 17:37
Бөлісіңіз:
ҚР АШМ браконьерлермен қақтығыста қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алып, қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыдан екі күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев бүгін таңертең қайтыс болған еді.

«Е.Нұрғалиев қазақ даласының символы ақбөкендерді және көркем табиғатымызды қорғауда өзінің қызметтік міндетін адал орындау кезінде қаза тапты. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ерлан Нұрғалиевтің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады» делінген хабарламада.

Еске салсақ, ол Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді қорғау кезінде браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алған болатын.

Ол бір тәуліктен астам уақытта Астана қаласындағы №1 аурухананың қарқынды терапия бөлімінде өмір үшін арпалысты.

Нұрғалиев Ерлан Балғабекович 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі - дене шынықтыру және әскери дайындық оқытушысы. 2012 жылғы наурыздан бастап «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT