ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің ережесі бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрдің бұйрығымен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің ережесі бекітілді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы

2016 жылғы 20 маусым, Астана қаласы №6

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бұйрықты бекіткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы     С.СӘРСЕНОВ

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және коммуникациялар  министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 20 маусымдағы №6 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы министрліктің реттеушілік және стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасы­ның Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақ­стан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитет өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тәртіпте Төрағаның бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің келісуі бойынша министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.
7. Мекеменің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер
12. Миссиясы:
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласында тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық кеңістік пен байланыс инфрақұрылымын әзірлеуге қатысу және тұрақты жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
13. Міндеті:
1) Ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) пошта және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ байланыс саласындағы қызметтерді көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін реттеу;
3) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді дамыту және жүзеге асыру;
4) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
6) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
3) заңдарды және Ұлттық қауіпсіздік саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
4) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жос­парларын әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицен­зиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензия­лауды жүзеге асыру;
7)  республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
8) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведом­ствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
10) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
11) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
12) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу;
13) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
14) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының орындалуы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
16) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
17) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу;
18) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;
19) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шет­елдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;
20) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоар­налардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары тура­лы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
22) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шет­елдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
24) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
25) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
26) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
27) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;
28) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрыл­ғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру;
29) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
30) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
31) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
32) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көр­сететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
33) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақ­стан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
34) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
35) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
36) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техни­калық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіруі;
37) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
38) бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
39) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласын­дағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар­дың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс оператор­ларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
40) байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
41) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласында техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
42) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын әзiрлеу;
43) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
44) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
45) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
46) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлек­трондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу;
47) мемлекеттік техникалық қызметтің қызметін үйлестіру;
48) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласын­дағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
49) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байла­ныстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
50) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
51) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыс­тық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
52) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
53) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көр­сеті­летін қызметтері саласындағы табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;
54) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
55) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
56) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
57) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
58) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
59) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
60) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
61) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
62) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
63) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұ­рылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
64) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
65) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
66) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;
67) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлеу;
68) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау жүргізу;
69) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу;
70) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
71) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;
72) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
73) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірлен­ген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамты­лымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
74) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
75) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
76) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жос­парларын әзірлеу;
77) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін бекіту;
78) телекоммуникация және пошта байланысының әмбе­бап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін айқындау;
79) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту, тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымның мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсыну тәртібін айқындау;
80) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
81) радиожиілік спектрін тиімді пайдалану;
82) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
83) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығару;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консуль­тативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізу;
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Комитеттің міндеттемелеріне:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мен құқықтарын сақтау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақытылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртібінде лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.
16. Комитет төрағасының белгіленген заңнамалық тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
18. Комитеттің Төрағасы мынадай мақсаттарды өкілеттіктері:
1) Министрдің, министрліктің Жауапты хатшының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;
2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлім­шелері басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, министрліктің басшылығын хабардар етеді;
9) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын Комитеттің қызметкерлерінен сақтауды қамтамасыз ету;
10) Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;
11) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешім­дер қабылдайды.
Комитет төрағасының өкілеттігін орындау ол болмаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) Министрдің, министрліктің Жауапты хатшының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;
3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комитеттің мүлкі
20. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
21. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
22. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге жол берілмейді.
23. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі осы ереженің 1-қосымшасында келтірілген.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің  Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне қосымша

Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi

1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

 

Соңғы жаңалықтар