+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Адалдық алаңы» жобасын іске қосты

2019 жылғы 12 маусым 19:16
Бөлісіңіз:
 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Адалдық алаңы» жобасын іске қосты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында 2019-2020 жылдарға арналған «Адалдық алқасы» жобасының жарғысына қол қойылды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа ҚР АҚДМ Жауапты хатшысы Жанат Қожахметов пен ҚР МҚІСЖҚІА төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қол қойды.

Жарғыда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың түбегейлі жаңа үлгісін жүзеге асырады деп атап көрсетіледі. Бұл үдеріс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, Ұлт жоспары - 100 нақты қадам», сондай-ақ Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Тек соңғы жылдары ғана 60-тан астам заң қабылданды, олардың әрқайсысы сыбайлас жемқорлықты азайтуға, соның ішінде «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және т.б.

null

«Адалдық алаңы» жобасының арнайы миссиясы күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде пилоттық бағыттардың апробациясы мен жүзеге асырылуы негізінде құрылуда. Бұдан басқа, министрлік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін негізгі факторларды анықтады.

«Адалдық алаңы» жобасының негізгі бағыттары мен міндеттері осы факторларды жоюға негізделген. Жобаның негізгі бағыттары:

1) Қолайлы орта (мемлекеттік қызметтердің сапалы түрде көрсетілуін қамтамасыз ету);

2) Дербес жауапкершілік;

3) Ашықтық және қоғамдық бақылау;

4) Мемлекеттік сатып алу;

5) Мыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.

«Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде белгіленген қызмет міндеттерін жүзеге асыратын жобалық топтарды қолдау және үйлестіруге бағытталған жоба кеңсесі құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT