+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

ҚР Ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы тағайындалды

2020 жылғы 30 маусым 16:42
Бөлісіңіз:
ҚР Ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадияр Қожахмет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктен мәлім еткендей, М.Қожахмет бос лауазымға ротация тәртібімен тағайындалды.

Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет 1984 жылы дуниеге келген.

2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, халықаралық құқық магистрі. 2008 жылы Чех мемлекеттік қоғамдық ғылымдар университетін аяқтаған, экономика және менеджмент магистрі.

2003- 2006 жылдары - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар басқармасының бастығы, орындаушы директоры;

2006-2008 жылдары - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ Чехиядағы өкілі;

2008 жылы - ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясат департаменті директорының орынбасары;

2008-2012 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры;

2012-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекетті қадағалау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыстары бөлімінің инспекторы;

2014-2017 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат басшысы;

2017-2019 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2019-2020 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT