+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 3 тамыз 10:58
Бөлісіңіз:
Ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Шахмардан Асқарұлы Байманов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы келді Мәди Такиев Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Шахмардан Байманов 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар істері жөніндегі көмекшісі болып бастаған.

2007-2008 жылдары — Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры.

2008-2012 жылдары — «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары, атқарушы директоры.

2012-2015 жылдары — Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м. а., басшысы, жетекшісі.

2015-2017 жылдары — «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.

2017-2019 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, қала әкімінің орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT