ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы тағайындалды
Б. Оралмағамбетов 1983 жылы Ақтөбе облысында туған. Мәскеу авиация институтын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструктор болып бастаған.
2010-2012 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы болды.
2012-2014 жылдары - ҚР Ұлттық ғарыш агенттінің Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорының орынбасары; директоры.
2014-2015 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы.
2015-2016 жылдары - «Ғалам» ЖШС бас директоры.
2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарған.
2017 жылғы мамырдан бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.