ҚР Әділет министрлігі қарызы бар Үсеновтің шет елге шығуына қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Мақсат Үсеновтің салық берешегі бола тұра, шет елге қалай шыққанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Борышкерді сыртқа шыға алмайтын азаматтар тізіміне енгізу үшін өндіріп алушы оны сотқа беруі тиіс және сот шешімі негізінде сот орындаушылары атқару жұмысын бастайды. Сот орындаушыларында аталған сот шешімі болмағандықтан, Үсенов мемлекет аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылған азаматтар тізіміне енбей қалған», - деп хабарлады Әділет министрлігі.

Бұған дейін caravan.kz «Мемлекеттік кірістер комитетінің» ресми ресурсынан Мақсат Үсеновтың 167 173 теңге 29 тиын қарызы бар екенін анықтаған еді.

Салық бойынша мұндай қарызы бар адамдар ел аумағынан шығарылмауы керек деп жазды олар. ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 33-бабына сәйкес, «борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы атқарушылық құжаттағы 20 АЕК-тен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал қаулы өндіріп алушының өтініші бойынша шығарылады».

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық Мақсат Үсенов Бангкок әуежайында ұсталды. Air Astana әуе компаниясы оның ұшу кезінде әуе кемесі ішіндегі ережелерді бірнеше рет бұзғанын мәлімдеді. Осыған байланысты, әуе компаниясының экипажы жергілікті уақытпен 8:30-да Бангкок әуежайына ұшып келіп, жолаушыны Таиланд полициясына табыс еткен. 

Алайда Бангкок полициясы Үсеновті босатты . Оның Таиланд арқылы транзитпен Вьетнамға бара жатқаны анықталды. Үсенов тарапынан экипаж талаптарын сақтау туралы уәде берілген соң, вьетнамдық әуе компаниясы оны бортқа алуға келіскен.

Соңғы жаңалықтар