2010 жылғы 6 мамыр 19:56

ҚР Әділет министрі шығысқазақстандық соғыс ардагерлерімен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан Астанаға арнайы келген Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті,

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Әділет министрі ардагерлерді құттықтай келе, Жеңіс мерекесі бірнеше ондаған жылдар өтсе де, майдандастар ұрпағының ерлігі, айбыны мен құрметінің жарқын символы болып қала беретінін атап өтті. Олардың ерен ерлігі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының фашизмді жеңуде КСРО аумағындағы және одан тыс жерлердегі барлық ірі ұрыстарға қатысушы жауынгерлер ретінде қосқан үлесін тілге тиек етті», делінген баспасөз баянында.

Мұрағат деректеріне сәйкес, тек шығысқазақстандық 60 адам Кеңес Одағы Батыры атағына ие болып, 30 мың адам ордендермен, 72 мыңнан астам адам «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Кездесу соңында майдангерлер мемлекеттің Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларын әлеуметтік қолдау көрсету үшін қабылдап отырған шараларына ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

MURAǴAT