ҚР Әділет министрі өнеркәсіптік меншік нысандарына патент беру мерзімдерін қысқарту бойынша бұйрыққа қол қойды

None
None
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Әділет министрі өнеркәсіптік меншік нысандарына патент беру мерзімдерін қысқартты.

Аталған ведомствоның мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) өнеркәсіптік меншік нысандарын мемлекеттік тіркеу және құқық беру бойынша құжаттарды уақытылы қарастыру және қалыпқа келтіру мақсатында, сонымен қатар өнеркәсіптік меншік нысандарын қорғайтын құжаттардың жаңа үлгілерінің дайындалуына байланысты Әділет министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген Комитеттің өнеркәсіптік меншік нысандарын мемлекеттік тіркеу және құқық беру бойынша жаңа регламент әзірленді.

Регламентте уәкілетті органдардың шешім қабылдау мерзімдері, шешім қабылдау мерзімдерінің қысқартылуы мен жаңа қорғануы жоғары құжаттарды беру тәртібі бекітілді.

Сонымен қатар, патенттердің жаңа дизайны әзірленді.

Соңғы жаңалықтар