+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

ҚР Әділет министрі АҚШ-та бірқатар маңызды кездесулер өткізді

2021 жылғы 23 шілде 19:20
Бөлісіңіз:
ҚР Әділет министрі АҚШ-та бірқатар маңызды кездесулер өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 19-21 шілде аралығында ҚР Әділет министрі М.Б. Бекетаев Мемлекеттік департамент, Әділет министрлігі, Конгресс, құқық қорғау ҮЕҰ өкілдерімен және АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Беларусь арасында ауыл шаруашылығы тауар айналымы 23,5% артты Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президентімен кездесті Ардақ Зебешев инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Кездесулерде демократиялық қайта құрулар мен адам құқықтары саласындағы жұмысты қоса алғанда, Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылының ауқымды мәселелері талқыланды.

21 шілдеде Әділет министрі Халықаралық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Сондай-ақ, М.Б. Бекетаев АҚШ Бас прокуроры орынбасарының көмекшісі Брюс Шварцпен кездесті.

Олар құқықтық жүйелерді дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT