ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаптауды болдырмауға қатысты баяндамасын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен ұлттық алдын алу тетігінің 2018 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Шоғырландырылған баяндамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараны БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының, ЕҚЫҰ, БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Омбудсмен мекемесі ұйымдастырды.

Тұсаукесерге БҰҰ-ның Азаптаудың алдын алу жөніндегі шағын комитетінің мүшесі, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері және ҰАТ өңірлік топтарының басшылары қатысты.

«Осы құжаттың жыл сайынғы тұсаукесері азаматтық сектор өкілдеріне мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп азаптаулардың және қатаң қарым-қатынастың алдын алу саласындағы өзара іс-қимылдың қорытындыларын талқылауға, сондай-ақ осы салада қажетті шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңын білдіреді.

Пікір алмасу барысында мемлекеттік органдардың назарын жедел ден қоюды талап ететін аса проблемалық мәселелерге аударды. Негізінен мәселелер ұстау жағдайларына, қызметкерлердің мандаттық мекемелерде жасалған адамдармен қарым-қатынас жасауына қатысты болды», делінген хабарламада.

ҰАТ қатысушыларының ұсыныстарын орындауға және мекеме басшылығымен де, орталық мемлекеттік органдар деңгейінде де тиімді өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, аталған ұсынымдарды имплементациялауға және анықталған қатыгездік фактілерге дер кезінде ден қоюға жәрдемдесетін прокуратура органдарының маңызды рөлі атап өтілді.

Пікірталас қорытындысы бойынша ҰАТ қызметінің алғашқы 5 жыл ішіндегі маңызды жетістіктері атап өтілді және жалпы оның тиімділігіне оң баға берілді.

Соңғы жаңалықтар