ҚПЛ: «Тобыл» күміс жүлдеге жақындай түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 18-турында екі кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойында Жамбыл облысының «Тараз» және Қаарғандының «Шахтер» командалары кездесті. Ойын көп гол соғылуымен ерекшеленді. «Шахтер» сапынан Арсен Хубулов 4, 28, 58 минуттарда гол соғып, хет-триктің авторы атанды. Ал 40-минутта «Тараз» қақпашысы Мұхаметжан Сейсен өзінің қақпасына гол соғып алды.

Тараздық ойыншылар бұдан кейін екі гол соқты. Оны Абылайхан Жұмабек 73, Тони Силва 74-минуттарда өздерінің еншісіне жазды. Ойында «Шахтер» 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Қостанайдың «Тобылы» Петропавлдың «Қызылжар» клубын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голын 70-минутта қостанайлық Темірлан Ерланов соқты. «Тобыл» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Осылайша күміс жүлдеге қол жеткізуге жақындай түсті.

Сондай-ақ, бүгін аталған турда «Оқжетпес» пен «Жетісу» командалары кездеседі.

7 қарашада «Қайсар» пен «Қайрат» командалары 2:2 есебімен тең ойнады.


Фото: fctobol.kz



Соңғы жаңалықтар