+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Тобыл» қайтадан көш басына шықты

2019 жылғы 24 тамыз 22:02
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Тобыл» қайтадан көш басына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 24-турының екі ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуро-2020: Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды «Тобыл» футболшылары 23 жастағы жігіттің емі үшін жейделерін сатты ҚПЛ: «Астана» жағдайын қиындатып алды

Алғашқы ойын Шымкент қаласында болды. Жергілікті «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. Бұл кездесуде екі команда тартысты ойын көрсетті. Ойынның 22-минутында «Ордабасы» сапынан Абдуллай Диакате пенальтиден гол соқты. Ал 50 және 59-минутта Лувага Кизито қос голдың авторы атанып, қарағандылық команда алға шықты. Бұдан кейін шымкенттік клуб футболшылары ойын тізгінін қолға алды. Ойынның 71-минутында Алексей Щеткин таразы басын теңестірсе, 90-минутта Абдуллай Диакате тағы да қарсыластар қақпасына белгіленген пенальтиді мүлтіксіз орындай білді. Осылайша «Ордабасы» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қостанайдың «Тобылы» бүгінгі ойыннан кейін турнир кестесінде қайтадан көш басына шықты. Олар бүгін өз алаңында «Атырау» командасымен шеберлік байқасқан еді. Бұл ойында қостанайлықтар қатарынан 32-минутта Сұлтан Әбілғазы есеп ашса, 71-минутта Дмитрий Мирошниченко қорытынды есепті белгіледі. Нәтижесінде «Тобыл» 2:0 есебімен басым түсті.

Бұл турдағы қалған ойындар 25 тамызда «Астана» мен «Тараз», «Қайсар» мен «Жетісу», «Ақтөбе» мен «Ертіс», «Қайрат» пен «Оқжетпес» командалары кездеседі.

Ал 25-тур ойындары 31 тамыз күні өткізіледі. Аталмыш турда «Атырау» мен «Ертіс», «Жетісу» мен «Ордабасы», «Қайсар» мен «Ақтөбе», «Тараз» бен «Тобыл», «Шахтер» мен «Қайрат» командалары ойнайды. Осы турдағы «Астана» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы кездесу елордалық клубтың Еуропа лигасындағы ойынына байланысты 1 қыркүйектен кейінге қалдырылды.

Біз бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының финалы 6 қазанда өтетінін хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT