+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

ҚПЛ: Соңғы турда алаң иелерінің барлығы жеңілді

2019 жылғы 11 тамыз 23:48
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: Соңғы турда алаң иелерінің барлығы жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-турының төрт ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚПЛ: «Қайрат» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті ҚПЛ: Алғашқы екі ойында «Жетісу» мен «Қайсар» жеңіске жетті

Кеше аталмыш турдағы екі ойынның нәтижесін хабарлаған едік. Сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» «Атырауды» 3:1, Талдықорғанның «Жетісуы» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 1:0 есебімен жеңді.

Бүгін «Тараз» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 83-минутта Бауыржан Исламхан соқты.

Павлодардың «Ертіс» командасы бұл жолы да жеңіліп қалды. Олар өз алаңында Қостанайдың «Тобылына» 0:2 есебімен есе жіберді. Голдар 59-минутта Бауыржан Тұрысбектің, 75-минутта Максим Фединнің еншісіне жазылды.

Қарағандының «Шахтері» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасындағы кездесуде шымкенттіктер 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Ордабасы» сапынан Алексей Щеткин 30-минутта, Мирзад Механович 51-минутта қанжығасын майласа, алаң иелері қатарынан Еркебұлан Нұрғалиев 59-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Бұл тур Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» және елордалық «Астана» командаларының ойынымен түйінделді. «Астана» сапынан Иван Маевский 8-минутта, Рунар Сигурьонссон 53-минутта гол соққан еді. Одан кейін «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов 56 және 83-минуттарда қос голдың авторы атанды. Осылайша, ойын соңына таман таразы басы теңескен еді. «Астана» ойыншысы Роман Муртазаев кездесу тағдырын шешкен голды 86-минутта соғып кетті. Нәтижесінде, «Астана» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бүгінгі турдан кейін ел біріншілігінде екінші айналым мәресіне жетті. Атап өтерлігі, соңғы турда алаң иелерінің барлығы жеңіліп қалды.

Доп додасындағы жеңімпаздар үшінші айналым нәтижесі бойынша анықталады. Үшінші айналымның ойын тізбесі жақын күндері анықталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT