ҚПЛ: Көшбасшы командалардың ойыны қалай өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 13-тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын екі ойынның нәтижесі жайында хабарлаған едік. «Атырау» мен «Оқжетпес» арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал «Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпесті» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Астана» мен «Жетісу» арасындағы кездесу тағдырын бір гол шешті. Оны 36-минутта «Астана» ойыншысы Евгений Постников орындады. Кездесуде елордалық клуб 1:0 есебімен жеңді.

Ал Алматыда «Қайрат» көш соңында келе жатқан «Ақтөбені» қабылдады. Бұл кездесуде алматылық шабуылшы Адерионслоа Эсеола 59 және 73-минутта екі гол соқты. Қорытынды есепті 89-минутта «Қайрат» ойыншысы Мартон Эппель белгіледі. Кездесуде алматылық клуб 3:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ Қызылордада жергілікті «Қайсар» Павлодардың «Ертісінен» 2:0 есебімен басым түсті. Ойынның 47-минутында қызылордалық жартылай қорғаушы Тигран Барсегян есеп ашса, 84-минутта Абдель Азиз Ламанж есепті үстемелей түсті.

Қостанайда «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» сүріндірді. Бұл кездесуде қостанайлықтар сапынан 25-минутта Бауыржан Тұрысбек, 59-минутта Азат Нұрғалиев гол соқты. Ойында «Тобыл» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ұлттық құраманың ойындарына байланысты ел біріншілігінде екі аптадан астам үзіліс болады. Енді 14-тур ойындары 16 маусымда өтеді. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Тобыл», «Астана» мен «Қайсар», «Жетісу» мен «Ордабасы», «Оқжетпес» пен «Қайрат», «Тараз» бен «Ертіс», «Шахтер» мен «Атырау» командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар