ҚПЛ: Көш соңындағы командалар үздіктерді жеңіп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лиа командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл турда турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе», «Тараз» және «Атырау» командаларының жеңіске жетуімен ерекшеленеді.

Бүгін «Тараз» командасы өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдады. Кездесу барысында тараздықтар жақсы ойын өрегін көрсетті. Алғашқы голды 50-минутта «Тараздың» бразилиялық шабуылшысы Эливелто мүлтіксіз орындады. Тағы бір гол 94-минутта соғылды. «Жетісу ойыншысы Никита Наумовтың қателігін шебер пайдаланып кеткен тараздық Аьзал Таубай қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Тараз» сегіз ойыннан кейін жеңіске жетті.

Бұл турды «Атырау» мен «Ордабасы» командалары қорытындылады. Атырауда өткен кездесуде қос команда да жеңіске жету жолын іздеді. Десе де алаң иелері кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды соғу мүмкіндігіне ие болды. «Атырау» шабуылшысы Исламнұр Абдулавов 74-минутта өз командасына жеңіс сыйлады.

Естеріңізге сала кетелік, соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе» кеше сырт алаңда «Қайсарды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал «Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» 5:3 есебімен жеңсе, «Шахтер» өз алаңында «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал аталмыш турдағы «Ертіс» пен «Астана» арасындағы ойын алдын-ала 15 мамырда өткізіліп, онда елордалық клуб сырт алаңда 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді 20-тур ойындары 27 және 28 шілде күндері өткізіледі. Бұл турда 27 шілдеде «Оқжетпес» пен «Ақтөбе», «Жетісу» мен «Шахтер», «Астана» мен «Тараз», «Тобыл» мен «Қайсар» кездессе, 28 шілдеде «Ордабасы» мен «Ертіс» командалары шеберлік байқасады. Ал бұл турдағы «Қайрат» пен «Атырау» командалары 24 сәуірде кездесіп, онда алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар