+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

ҚПЛ: Көш соңындағы «Каспий» «Астананы» жеңіп кетті

2020 жылғы 1 қазан 17:44
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: Көш соңындағы «Каспий» «Астананы» жеңіп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының он екінші турында елордалық «Астана» Ақтаудың «Каспий» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Қайрат» «Астанадан» 14 ұпайға ұзап кетті Футбол: «Атырау» мен «Ақтөбе» Премьер-лигаға қайта оралды Премьер-лига: «Қайрат» пен «Астана» жеңіске жетті

Аталған ойында елордалық клуб алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 38-минутында Рунар Сигурьонссон есеп ашқан еді. Екінші кезеңнің 75, 75-минуттарда «Каспий» ойыншысы Биллал Себаихи өз командасын алға шығарды.

Бүгін жеңіске жеткен жағдайда «Астана» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартатын еді. Қазір команда 21 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында 25 ұпаймен «Қайрат» командасы келеді.

«Каспий» бұған дейін небәрі бір жеңіс, бір тең ойыннан кейін төрт ұпай жинап, көш соңында келе жатқан болатын. Енді ақтаулық команда жеті ұпаймен оныншы орынға көтерілді.

Сондай-ақ, бүгін Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтер» клубымен шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 19.00-де басталады.

Аталған турда 2 қазанда «Қайсар» мен «Оқжетпес», «Ордабасы» мен «Тараз», «Тобыл» мен «Жетісу» командалары кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT