+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Қайсар» өз алаңында «Атыраудан» жеңіліп қалды

2019 жылғы 25 қазан 19:06
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Қайсар» өз алаңында «Атыраудан» жеңіліп қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 31-турының бір ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесу Қызылорда қаласында болып өтті. Жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады.

«Қайсар» командасы биыл алдына қойған межесін орындады. Облыс басшылығы олардың алдына келер жылы еурокубок ойындарына қатысу міндетін қойған еді. Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда елордада өткен Қазақстан кубогы финалында «Қайсар» «Атырау» клубын 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде биыл Қазақстан кубогының иегері атанды.

Бүгінгі кездесуде «Атырау» командасы алға ұмтылды. Өйткені, олар үшін әрбір ұпайдың маңызы артып тұр. Қазір 20 ұпаймен турнир кестесінде 11 орында келеді. Нәтижесінде олардың қатарынан 39-минутта Петр Гжельчак алаң иелері қақпашысын қапы қалдырып кетті. Ойын соңына дейін осы есеп өзгерген жоқ. «Қайсар» қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Аталмыш турдағы қалған ойындар 26 және 27 қазан күндері өткізіледі. 26 қазанда «Шахтер» мен «Оқжетпес», «Ордабасы» мен «Ертіс», «Қайрат» пен «Тобыл», 27 қазанда «Жетісу» мен «Тараз», «Астана» мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT