ҚПЛ: «Қайсар» мен «Жетісу» жеңіске жетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін, еліміздің бес қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 27-тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін екі қалада кездесулер аяқталды. Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. Аталмыш ойында алғашқы голды қарағандылық футболшылар соқты.  30-минутта Эгон Бух «Қайсар» қақпасын дәл көздей білді. Бұдан кейін алаң иелері шабуылдарға шыққанымен одан ешбір нәтиже бола қойған жоқ.

Ойынның екінші кезеңінде «Шахтер» қақпасы маңында шабуылдар өрбіді. 56-минутта олардың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл мүмкіндікті «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген мүлт жіберген жоқ. Ал 80-минутта Братислав Пуношевац есепті еселеді. Есеп 2:0. «Қайсар» жеңіске жетті.

Ал «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңілді. Бұл жолы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 89-минутта Мантас Куклис пенальтиден соқты.

Дәл қазір «Атырау» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдап жатыр. Ал сағат 19.00-де Шымкентте «Ордабасы» мен Петропавлдың «Қызылжар» командалары арасындағы ойын басталды, сағат 20.00-де «Ақтөбе» мен Қостанайдың «Тобылы» жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар