ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде «Астанаға» қайта жақындай түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 20-турындағы уақыты өзгерген бір кездесу Алматының «Қайраты» мен «Атырау» командалары арасында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш ойында Алматы қаласында болды. «Қайрат» бұдан бұрынғы екі кездесуде қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Талдықорғанда «Жетісудан» 0:3 есебімен жеңілсе, одан кейін өз алаңында елордалық «Астанаға» 0:1 есебімен тізе бүкті. Сондықтан алматылық клуб үшін бұл ойында ұпай жоғалтуға болмайтын еді.

Бүгінге дейінгі «Атырау» командасының да жағдайы мәз емес. Олар 8 ойын өткізіп, оның 6-да қарсыластарына есе жіберіп қойды. Атыраулықтар үшін де әрбір кездесудің маңызы артып тұр деуге негіз бар.

Бүгінгі кездесуде «Қайрат» командасы басым ойнады. Алаңның барлық бөлігінен олардың ұйымдастырған шабуылы аңғарылып тұрды. Алматылық клубтың венгриялық шабуылшысы Мартон Эппель 17-минутта өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін де алаң илерінің бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де ойын нүктесі 90-минутта қойылды. Бұл голдың авторы - Мартон Эппель. Осылайша «Қайрат» «Атыраудан» 2:0 есебімен басым түсті.

«Қайрат» турнир кестесінде 15 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Оның алдындағы «Астанада» 7 ойыннан 19, «Тобылда» 6 ойыннан 16 ұпай бар.

Енді жетінші тур ойындары 27 сәуірде өткізіледі. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Тараз», «Астана» мен «Тобыл», «Жетісу» мен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Ертіс», «Ордабасы» мен «Қайрат», «Шахтер» мен «Қайсар» командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар