+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Қайрат» «Қызылжарға» есе жіберді

2020 жылғы 21 қараша 17:42
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Қайрат» «Қызылжарға» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 19-турында тағы үш ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауылдарда балаларды шымырлыққа баулитын дәстүрлі бокс пен күресті дамыту керек - Қырымбек Көшербаев Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан қыздардың есімі белгілі болды

Чемпиондық атаққа бірнеше тур бұрын қол жеткізген Алматының «Қайраты» бұл турда Петропавлдың «Қызылжар» клубымен кездесті. Ойын барысында алматылық клуб негізінен жастарға сенім артты. Есепті 16-минутта алматылық Данияр Үсенов ашса, оған 22-минутта петропавлдық Максим Драченко пенальтиден бір голмен жауап қайырды.

Ал 26-минутта Шота Григалашвилидің соққан голынан кейін «Қызылжар» командасы алға шықты. «Қайрат» ойыншысы Андрей Ульшин 32-минутта таразы басын теңестірді. Ойын нүктесін 92-минутта петропавлдық Тимур Мульдинов қойды. «Қайрат» қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Үздік үштікке ұмтылып жүрген «Ордабасы» бүгін ойламаған жерден Қызылорданың «Қайсар» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. «Қайсар» сапынан Иван Граф 51, Асхат Тағыберген 70, 75 минуттарда гол соқты.

Ал «Жетісу» мен «Тараз» кездесуінде тараздық Деян Больевич жамбылдық клубқа жеңіс сыйлады. Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Аталған турды «Каспий» және «Оқжетпес» командалары қорытындылайды. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталады.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін елордалық «Астана» «Шахтерден» жеңіліп қалған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT