+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

ҚПЛ: «Қайрат» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

2019 жылғы 21 қыркүйек 21:04
Бөлісіңіз:
ҚПЛ: «Қайрат» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 27-туры аясында үш матч өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚПЛ: Соңғы турда алаң иелерінің барлығы жеңілді ҚПЛ: Алғашқы екі ойында «Жетісу» мен «Қайсар» жеңіске жетті

Алғашқы ойын Көкшетау қаласында өткізілді. Жергілікті «Оқжетпес» Павлодардың «Ертіс» командасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 63-минутта алаң иелері сапынан Милан Соянович соқты.

Тағы бір кездесу Тараз қаласында болды. Жергілікті «Тараз» турнир кестесінде қатарлас келе жатқан «Атырау» командасымен шеберлік байқасқан еді. Нәтижесінде қос команда 2:2 есебіне қанағат білдірді. Алаң иелері қатарынан Әлішер Сүлей - 79, Элгуджа Лобжанидзе, «Атырау» сапынан Исламнур Абдуларов - 62, Ризван Аблитаров 86-минутта мергендік танытты.

Қызылордада «Қайсар» Алматының «Қайрат» командасымен кездесті. Ойын барысындағы жалғыз гол 56-минутта соғылды. Алаң иелерінің қақпашысы Марсель Исламқұловтың қателігін «Қайрат» ойыншысы Раде Дугалич шебер пайдаланып кетті. Осылайша, «Қайрат» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Алматылық клуб соңғы үш турда қатарынан жеңіске жетіп келеді.

Аталмыш турдағы қалған үш ойын ертең, 22 қыркүйекте өтеді. Бұл күні «Шахтер» мен «Тобыл», «Жетісу» мен «Астана», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Ал 28-тур ойындары 28 және 29 қыркүйек күндеріне жоспарланған. 28 қыркүйекте «Тобыл» мен «Жетісу», «Ертіс» пен «Шахтер», «Астана» мен «Қайсар», келесі күні «Қайрат» пен «Ордабасы», «Атырау» мен «Оқжетпес», «Ақтөбе» мен «Тараз» командалары ойнайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT